Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Біздің әрқайсымыздың дауысымыз маңызды

Важен голос каждого из нас! Важен голос каждого из нас! Важен голос каждого из нас! Важен голос каждого из нас! Важен голос каждого из нас! Важен голос каждого из нас!

24 февраля 2026 10:02

Количество просмотров: 97


2026 жылдың 24 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері, колледж директоры Курманов Фархад Сақанұлы және «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС директоры Аяужан Тұрсынбекқызы Ашимовамен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері арасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын түсіндіру және талдау мақсатында кездесу өтті.

Кездесу барысында ұсынылған жобаның Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басуының бастауы болатыны атап өтіліп, жекелеген баптарға қатысты толық және жан-жақты түсініктеме беріп,  талдау жасады.

Аяужан Тұрсынбекқызы бұл үдерістің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты жүзеге асып жатқандығының айғағы екенін ерекше атап өтті. Айта кету керек, ол жаңа Негізгі заң жобасын жазуға қатысқан 130 әзірлеушінің бірі.

Мұндай мазмұнды кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай,  олардың ел болашағына деген жауапкершілік сезімін нығайта түсетіні сөзсіз.

Кездесу соңында спикерлер студенттерді 15 наурызда өтетін референдумға белсене қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.