9 января 2026 11:01
Количество просмотров: 227
2026 жылдың 9 қаңтары күні Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларды еске алу аясында оқу орнымыздың студенттері жазушы Боз Бекжанмен, «Желтоқсан-86» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Марат Рамазановпен, сондай-ақ 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының тікелей қатысушысы, колледж түлегі Дәулет Торпақовпен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Кездесу барысында қонақтар өз естеліктерімен бөлісіп, Желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың тағдырлары, олардың ерлігі, азаматтық ұстанымы мен әділдікке ұмтылысы туралы әңгімеледі. Куәгерлердің жеке тәжірибесіне ерекше назар аударылып, бұл студенттерге сол кезеңнің ахуалын тереңірек сезінуге және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.
Аталған кездесу студенттер үшін үлкен тәрбиелік әрі танымдық мәнге ие болды. Ол патриоттық сезімді қалыптастыруға, өз елінің тарихына құрметпен қарауға және бостандық пен тәуелсіздіктің құндылығын түсінуге ықпал етті. Сол оқиғалардың қатысушылары мен зерттеушілерімен болған тірі жүздесу жастарға тарихи жадыны сақтау мен Отан болашағы алдындағы жауапкершілікті сезінуге көмектесті.