22 февраля 2022 01:02
Количество просмотров: 1967
2022 жылдың 22-24 ақпан аралығында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде «Дене тәрбиесі және спорт, фитнес» құзыреттілігі бойынша Worldskills-2022 колледжішілік чемпионаты өтуде.
Жарыс 4 модуль бойынша өтеді: «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу және дене шынықтыру бойынша оқу сабағының негізгі бөлігінің фрагментін өткізу», «Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі шеңберінде аэробикалық-би флешмобын әзірлеу және өткізу», «Заманауи технологияларды пайдалана отырып, халықтың әртүрлі жас топтарын СӨС-ке тарту бойынша экспресс-консультациялар әзірлеу және өткізу», «Жалпы мәдени даму «Ұлттық ойындар» мастер-класын әзірлеу және өткізу.
Колледжішілік Чемпионатқа «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 2 және 3 курстың 5 студенті қатысты. Аталған чемпионатты жеңіп алған студент өңірлік турға жолдама алады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!