24 февраля 2022 03:02
Количество просмотров: 1845
WorldSkills-2022 колледжішілік чемпионаты жалғасуда. Кезек «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігіне де келді. Аталған құзыреттілік бойынша колледжішілік чемаионат 2022 жылдың 24-25 ақпан күндерінде өтуде.
Жарыс 3 модуль бойынша өткізіледі:
Модуль А. «Қатынас» білім беру саласы, «Көркем әдебиет» бөлімі бойнша таңдалған көркем шығарманы сахналау. АКТ–ны пайдаланып күннің екінші жартысындағы күн тәртібіндегі ұйқыдан кейінгі шынықтыру- сауықтыру және мәдени- гигиеналық шараларды әзірлеу және өткізу.
Модуль В. «Қатынас» білім беру саласы, «Көркем әдебиет» бөлімінде таңдалған көркем шығарманы сахналау.
Модуль С. АКТ–ны пайдаланып дидактикалық ойындарды, сөйлеуді дамыту мен қоршаған ортамен таныстыруды кіріктіру арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін әзірлеу және өткізу.
Колледжішілік Чемпионатқа «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2 және 3 курстың 13 студенті қатысуда. Аталған чемпионатты жеңіп алған студент өңірлік турға жолдама алады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!