29 мая 2024 04:05
Количество просмотров: 960
2024 жылдың 29 мамыры күні Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Архив беттеріндегі қасіретті жылдар» тақырыбында облыс жастарымен кездесу өтті.
Іс-шараға саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның жұмыс топтарының мүшелері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, жастар қоғамдық ұйымдарының мүшелері, жұмысшы, шығармашыл жастар және колледжіміздің студенттері қатысты.
Кездесуге ШҚО қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры А.Ә.Әділбеков, Өңірлік комиссияның хатшысы, ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы А.А.Серғазина, Қазақстанға күштеп жер аударылған халықтар мен арнайы қоныстанушылардың ақталмаған құрбандары жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, мемлекеттік мұрағат директорының орынбасары Е.В.Костина, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын-дін өкілдерін оңалту үшін қорытындылар мен ұсынымдарды зерделеу, дайындау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Б.Б.Нұғыманов, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын-дін өкілдерін оңалту үшін қорытындылар мен ұсынымдарды зерделеу, дайындау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р.Қ.Нұрбекова қатысты.
Аталған іс-шара сұрақ-жауап төңірегінде қорытындыланды.