17 февраля 2022 02:02
Количество просмотров: 1109
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Он жылға созылған бұл қорқынышты соғыс көптеген отбасыларға қайғы мен қасірет әкелді. Сондықтан жас ұрпақтың осы соғыс туралы білуі өте маңызды.
Интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан Ауған жауынгерлерін патриоттыққа, азаматтыққа, еске алуға тәрбиелеу мақсатында 17 ақпан күні бірінші курс студенттерінің интернационалист-жауынгер, колледж жұмыскері Вахрушев Александр Генадьевичпен кездесуі өтті. Ардагер-жауынгер Ауған соғысындағы естеліктерімен бөлісіп, бастан кешкен оқиғалары туралы айтты. Студенттер кездесуге белсенді қатысып, ардагерге түрлі сұрақтарын қойды.