12 сентября 2025 04:09
Количество просмотров: 235
2025 жылғы 9-11 қыркүйек аралығында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде 1-2 курс білім алушыларына арналған «Толыққанды жеке адам» тақырыбында салауатты өмір салтын насихаттау және асоциалды мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жиналыс өтті.
Жиналысқа әкімшілігі, Үлбі полиция бөлімінің ЖПБ ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры Д.М.Жаксыбаева, амбулаториялық орталық гинекологы Г.В.Рыльская, колледж фельдшері М.Ж.Омарова, педагог-психологтар және әлеуметтік педагог қатысты. Жиналыс барысында ішкі тәртіп ережелері, құқық бұзушылықтың алдын алу, психологиялық көмек көрсету, ерте жүктіліктің салдары, дұрыс тамақтану, жұқпалы аурулардың алдын алу және әлеуметтік қолдау шаралары жайлы кең көлемде ақпарат берілді және т.б.
Шара соңында студенттердің қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты шешімдер қабылданды.