20 ноября 2024 03:11
Количество просмотров: 1046
Кәсіби құзыреттілікті дамыту мақсатында және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде оқу орнымыздың студенттері 2024 жылдың 19-20 қараша аралығында Ресей Федерациясының Новосібір облысы, Карасук қаласының «Карасук педагогикалық колледжі» базасында өткен WorldSkills «Жас кәсіпқойлар Russia-2024» байқауына қатысты.
Чемпионатта «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша оқытушы О.Г.Сычеваның жетекшілігімен 21-ДО-1 тобының 4 курс студенті Асхатова Амина І орынды, «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша оқытушы Р.Т.Вольф жетекшілігімен 22-НО-1 тобының 3 курс студенті Заварзина Валерия ІІ орынды жеңіп алды.
Оқытушыларды және жеңімпаз студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!