14 марта 2025 04:03
Количество просмотров: 2176
2025 жылдың 13-14 наурыз аралығында «Worldskills Shgk – 2025» колледжішілік чемпионаты өтті. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі аймақтық «Worldskills Shygys – 2025» чемпионатының «Бастауыш сыныпта оқыту» құзыреттілігі бойынша колледжішілік кезеңі өтті.
Колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына «Бастауыш сыныпта оқыту» құзыреттілігі бойынша 3-курс студенттері Бекжанова Зарина, Габдуллина Аяулым, Бақытбекқызы Айнур, Слаутина Анна және 2-курс студенттері Арданбекқызы Арна, Мырзабекова Назерке, Алмазқызы Аида, Қамбар Алина қатысты. Аталған құзыреттілікке төрелік еткен бас сарапшы Аубакирова А.Р.
3 модуль бойынша өткен чемпионатта болашақ мамандар бақтарын сынап, іскерлік, дағдыларын, кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете алды. Чемпионат қорытындысы бойынша І орынды Қамбар Алина (23-бб-2 тобы) және Слаутина Анна (22-но-1 тобы) , ІІ орынды Бекжанова Зарина (22-бб-1 тобы), Бақытбекқызы Айнур (22-бб-2 тобы), ІІІ орынды Габдуллина Аяулым (22-бб1 тобы), Алмасқызы Аида (23-бб-2 тобы) иеленді.
Барлық жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!