17 апреля 2023 02:04
Количество просмотров: 1345
17.04.2023 ж. Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойы аясында «Ғылым шеруі» апталығының жоспарына сәйкес Өскемен қаласы колледждерінің 1 курс студенттері арасында Тілдер пән бірлестігінің ұйымдастыруымен орыс тілінен «Тіл – достықтың алтын көпірі!» тақырыбында пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға «Квансон» Қазақстан–Корей колледжі, Өскемен жоғары медициналық колледжі, Өскемен құрылыс колледжі, Өскемен жоғары политехникалық колледжі, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, ҚАЕУ Жоғары колледжі, С.Аманжолов атындағы жоғары колледжі, Жоғары IT-колледжі студенттері қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: компьютерлік тестілеу және мәтінге жазбаша тапсырмалар. Қатысушыларға тіл білімінің барлық бөлімдерін білу және тестпен жұмыс істеу, өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін көрсету мүмкіндігі берілді.
Студенттердің жұмысын тәуелсіз қазылар алқасы бағалады.
Олимпиада нәтижелері:
І орын - Құдайберген Рената Айдарқызы, С.Аманжолов атындағы жоғары колледж студенті
ІІ орын-Зубченко Вячеслав Витальевич, жоғары IT-колледж студенті
ІІІ орын -Храпунов Евгений Вячеславович, Өскемен жоғары политехникалық колледжі студенті, Прокопчик Павел Павлович, Өскемен құрылыс колледжі студенті, Попов Арсений Алексеевич, Өскемен құрылыс колледжі студенті.