Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Заң және тәртіп

Закон и порядок. Закон и порядок. Закон и порядок. Закон и порядок. Закон и порядок.

6 апреля 2026 08:04

Количество просмотров: 26


2026 жылдың 6 сәуірі күні Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» жобасы аясында «ЭтноКвиз» интеллектуалдық ойыны өтті.

Аталған сайысқа колледжімізден үш команда қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Қатысушылар ұлттық мәдениет, тарих, құқықтық сауаттылық және қоғамдық құндылықтар төңірегіндегі сұрақтарға жауап беріп, тартысты да қызықты бәсеке өрбіді.

Интеллектуалдық дода қорытындысы бойынша колледж студенттері жүлделі І және ІІІ орындарды иеленіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Бұл шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға және отансүйгіштік қасиеттерін нығайтуға зор ықпал етті.

Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!