24 мая 2026 03:05
Количество просмотров: 11
2026 жылдың 24 сәуірі күні колледждің ерікті студенттері облыс әкімінің орынбасары Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиевтің қатысуымен өткен «Қауіпсіз әрі тәрбиелік білім беру ортасының негізі – заң және тәртіп» атты облыстық құқықтық форумға қатысты.
Форум барысында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын насихаттау, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіз білім беру ортасын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараға қатысқан студенттер заңға құрмет пен әділдікті дәріптейтін өлеңдер оқып, тәрбиелік мәні зор ұрандар айтты.
Сонымен қатар, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бағытындағы маңызды ой-пікірлер ортаға салынды. Форум студенттердің белсенділігін арттырып, олардың ел болашағына деген жауапкершілігін нығайтуға үлкен әсер етті.