20 марта 2024 04:03
Количество просмотров: 106
20 наурыз 2024 жылы колледжімізде «Наурызнама» апталығының жабылуы өтті. Апталықтың салтанатты жабылуында апта көлемінде өткен әртүрлі сайыстардың жеңімпаздары марапатталып, алғыс хаттар табысталды.
Сонымен қатар колледждің студент жастары әз Наурыз мерекесіне арналған сахналық қойылым көрсетіп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді кеңінен насихаттады. Оқу орнымызға арнайы Наурыз мерекесімен құттықтап келген қонақтарымыз өз кезегінде әннен шашу шашты.