4 июня 2024 04:06
Количество просмотров: 1310
04.06.2024 жылы «Мектепке дейінгі педагогика және арнайы пәндер» пән бірлестігінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа бағыттары» апталығының жабылу салтанаты өтті.
Әлеуметтік серіктес болып табылатын мектепке дейінгі білім беру мекесмесі «№ 1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМҚК арнайы келген балдырғандар өнерлерін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.
Апта көлемінде өткізілген барлық іс-шаралардың бейнеролигі көрсетілді. Жоспарға сәйкес өткізіліп отырған әрбір іс-шараға белсене қатысқан педагогтер мен білім алушыларға алғысхаттар табыс етілді.
«Мектепке дейінгі педагогика және арнайы пән» пән бірлестігінің оқытушылары апталықты ғылыми-әдістемелік тұрғыда жоғары деңгейде ұйымдастырып, студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыра түсті.