2025 жылдың 24 қаңтарында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен оқытушылардың арасындағы қарым-қатыасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өздерін еркін сезінуге көмектесу мақсатында колледж оқытушыларына арналған «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингке колледжіміздің оқытушылар мен әкімшілік мүшелері қатысты. Тренингке қатыушыларға әлеуметтік-психологиялық тренингтің мақсаты, тренинг қағидалары жайлы ақпарат берілді. Келесі психологиялық жаттығулар қолданылды: «Амандасу», «Маған мәлім, сізге беймәлім», «Қарындаштар», «Ыстық картоп», «Кім жылдам», «Менің болмысым», «Құбыр», «Бірлігі жарасқан», «Педагог бейнесі», «Жылы жүрек».
2024 жылдың 19-25 желтоқсаны күндері аралығында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен білім алушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, топтасып жұмыс істеу жүйесін дамыту, топта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Мен ғажайыппын!» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг міндеттері: Білім алушылардың оқуға деген ынта-жігерін арттыру, көңіл-күйін көтеру;
Тренингке қатыушыларға әлеуметтік-психологиялық тренингтің мақсат-міндеттері, тренинг қағидалары жайлы ақпарат берілді. Келесі психологиялық жаттығулар қолданылды: «Амандасу», «Танысу», «Кім жылдам?», «Ойлан, тап!», «Бірлігі жарасқын», «Тілек шамы».
2024 жылдың 06 желтоқсанында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен педагогтардың көңіл-күйлерін көтеріп, кәсіби жанудың алдын-алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін дамыту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында жас мамандарға арналған «Жақсы көңіл-күй жан тыныштығы» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг міндеттері: Педагогтардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру.
Тренингке колледжіміздің жас мамандары қатысты. Тренингке қатыушыларға әлеуметтік-психологиялық тренингтің мақсат-міндеттері, тренинг қағидалары жайлы ақпарат берілді. Келесі психологиялық жаттығулар қолданылды: «Амандасу», «Танысу», «Кім жылдам?», «Ойлан, тап!», «Бірлігі жарасқын», «Тілек шамы».
2024 жылдың қазанында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен білім алушыларының өзара қарым-қатынасын нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылып, өздерін еркін сезінуге көмектесу мақсатында «Тұлғааралық қарым-қатынас» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг міндеттері: Білім алушылар арасындағы оңды байланысты орнатуға ықпал ету, топтың татулығын жоғарлату; оңды психологиялық қасиеттерді дамыту.