Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Дипломалды іс-тәжірибесі бойынша қорытынды конференциясы

18 мая 2021 09:05

Количество просмотров: 1762

Дипломалды іс-тәжірибесі бойынша қорытынды конференциясы

2018 жылдың 20 сәуір күні 4-ин.яз-1 тобының дипломалды іс-тәжірибесі бойынша қорытынды конференциясы өтті.

Бұл іс-тәжірибенің мақсаты студенттердің білім алу барысында теориялық білімін бекіту және тереңдету, практикалық жұмыстарын дамыту, курстық жұмысқа мәліметтер жинау, ұйымдардың құрылымымен және қызмет бағыттарымен таныстыру болды.

Дипломалды іс-тәжірибені өту барысында білім алушылар толықтай колледжде алған профессионалдық білімдерін, біліктіліктерін және практикалық тәжірибелерін әр түрлі жағдайларда көрсете алды. Білім алушылар өздерінің ең жақсы оқыту әдіс-тәсілдерін ағылшын тілі, орыс тілі, орыс әдебиеті және сауат ашу пәндерінің әр түрлі кезеңдерінде көрсете алды, сондай-ақ дипломалды іс-тәжірибе бойынша есептерін көрсетті. Сондай-ақ, мектеп мұғалімдерінен және мектеп оқушыларынан білім алушының өткізген сабақтары бойынша жақсы пікірдегі видеоотзывтар ұсынылды.

Директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары Аубакирова А.Р. білім алушыларға осы жеткен жетістіктерінде тоқтамай, жемісті еңбек және таңдаған мамандықтары бойынша жетістіктерге жетулеріне тілектес болды.