18 мая 2021 09:05
Количество просмотров: 1047
Біздің студенттеріміздің керемет жетістіктері
23 ақпан 2018 жылы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж студенттері жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында ағылшын тілінде «Жеке тұлға мен қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбында өткен V аймақаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі базасында өтті. Мақсаты - дарынды оқушылар мен студенттерге қолдау көрсету және дамыту, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, шетел тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Конференцияүш секцияда «Лингвистика», «Елтану» және «Шетел тілін оқыту әдістемесі» бағытында педагогикалық оқулар форматында өтті.
Секция жұмысы Өскемен, Астана, Семей қалалары Карасук – Новосибирск облысы, Павлодар облысының колледж, жалпы білім беретін мекемелері, педагогикалық колледж студенттері үшін тәжірибе алмасу алаңы болды. Біздің студенттер өздерінің ғылыми жұмыстарын абыроймен ұсынды. Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі студенттері өздерінің ғылыми жұмыстарын абыроймен қорғап, пікіралмасуға қатысып, қатысушы сертификаттарымен марапатталды. Ал жеңімпаздар 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
МаукеноваЕркетан (2-инфо-1 тобы) – І орын, «Лингвистика» секциясы,жетекшісі –КусмановаНазеркеЕрболовна.
Мырзабекова Диана –(4-иняз-1 тобы) - ІІ орын, «Елтану» секциясы,жетекшісі – Кусманова Назерке Ерболовна.
БайгазиноваМаржан – (3-иняз-1 тобы) - ІІІ орын, «Елтану» секциясы,жетекшісі – Жексембинова Жубаныш Сарсембаевна.
Мухтарова Аэлита – (3-иняз-1 тобы) - «Өзектілігі мен практикалық маңыздылығы» номинациясымен марапатталды, «Шетел тілін оқыту әдістемесі» секциясы, жетекшісі – Кусманова Назерке Ерболовна.
Талғатбекова Ақбота – (2-иняз-1тобы) - «Өзектілігі мен практикалық маңыздылығы» номинациясымен марапатталды, «Лингвистика» секциясы, жетекшісі –Жексембинова Жубаныш Сарсембаевна.
Жанылханова Камиля – (2-иняз-1тобы) - «Өзектілігі мен практикалық маңыздылығы» номинациясымен марапатталды, «Елтану» секциясы,жетекшісі –Жексембинова ЖубанышСарсембаевна.
Біздің студенттер мен олардың жетекшілерін керемет жетістіктерімен құттықтаймыз!