1 июня 2026 06:06
Количество просмотров: 19
Балаларды қорғау күніне орай балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтап, оларға қуаныш сыйлау игі дәстүрге айналған. Осы үрдіс аясында оқу орнымыздың «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2-курс белсенді студенттері «Балалар ауылына» арнайы барып, сонда тұратын бастауыш сынып жасындағы бүлдіршіндерге ұмытылмас күн сыйлады. Олар кішкентай бүлдіршіндер үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасын, танымдық квесттер мен көңілді флешмобтар ұйымдастырды.
Сонымен қатар, ізгілік шарасы мұнымен шектелмей, «Үміт» балалар үйінде де жалғасын тапты. Мұнда ерікті студенттеріміз бір уақытта барлық тәрбиеленушілерді қамтуға тырысты. Атап айтқанда, кіші жастағы балалар үшін арт-терапия, ермексаздан түрлі бұйымдар жасау шеберлік сабақтары, флешмобтар мен қызықты ойындар өткізілсе, ересек топтар үшін тартысты квесттер, эстафеталық жарыстар, спорттық ойындар мен ауызбіршілікті арттыратын тимбилдингтер ұйымдастырылды.
Мерекелік шара соңында әр балаға ерекше ықыласпен жүрекке жылы сыйлықтар мен тәтті үлестірілді. Балалардың жүзіндегі күлкі мен бақытты сәттер ұйымдастырушылар үшін ең үлкен марапат болды.