1 июня 2026 06:06
Количество просмотров: 20
2026 жылдың 1 маусымында еріктілік саласындағы тренерлерге арналған «Базалық оқыту» атты маңызды даярлық курсы өтті. Студенттер мен жастарға бағыт-бағдар беретін бұл шараның негізгі спикері ретінде «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк сөз сөйлеп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Аталған тағылымды оқыту бағдарламасына оқу орнымыздың «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенті, «Жылы жүрек» еріктілер клубының жетекшісі Сембаева Нұрзат қатысып қайтты. Семинар барысында волонтерлік қозғалысты дамытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен тиімді жобаларды жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Алдағы уақытта клуб жетекшісі бұл алған білімі мен жаңа тәжірибесін колледжіміздің белсенді волонтерлері арасында кеңінен қолданып, игі істердің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.