Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Педагогика шыңы» колледжішілік интеллектуалдық сайысы

Внутриколледжный интеллектуальный конкурс «Пик педагогики» Внутриколледжный интеллектуальный конкурс «Пик педагогики» Внутриколледжный интеллектуальный конкурс «Пик педагогики» Внутриколледжный интеллектуальный конкурс «Пик педагогики» Внутриколледжный интеллектуальный конкурс «Пик педагогики» Внутриколледжный интеллектуальный конкурс «Пик педагогики»

11 апреля 2022 06:04

Количество просмотров: 1682

2022 жылдың 11 сәуірі күні «Ғылым және инновация – жастардың болашағы» ғылым және шығармашылық апталығы аясында 4-курс студенттері арасында «Педагогика шыңы» колледжішілік интеллектуалдық сайысы өтті.

Мақсаты: Болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Зияткерлік ойын 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар берілген сілтеме арқылы арнайы https://wordwall.net/ бағдарламада жұмыс жасады. Тапсырмалар педагогика, жаңа педагогикалық технологиялар, ғылыми педагогикалық зерттеулер, педагогикалық шеберлік, этнопедагогика, тәрбие жұмысының әдістемесі пәндерінен құрастырылып, дайындалды. Бағалау электронды балдық жүйеде жүргізілді.

Сайысқа колледждің 4-курс студенттерінен құралған 11 үміткер қатысып, бақ сынасып, «Негізгі орта білім беру» мамандығы, «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 4-иняз-2 тобының студенті Т.Т.Тоқтарханова жеңімпаз атанды.