12 апреля 2022 07:04
Количество просмотров: 1756
2022 жылдың 12 сәуірі күні оқу орнында 2021-2024 жылдарға арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру негізінде «Мектеп (балабақша, колледж) – сүйіспеншілік мекені» білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесін құру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру» республикалық семинар өтті.
Семинарға ШҚО білім басқармасының, Өскемен қалалық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері мен қызметкерлері, топ тәрбиешілері, пән мұғалімдері, өзін-өзі тану педагогтері, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкері, колледж кітапханашысы, ШҚО, Риддер қаласы №2 орта мектебінің мұғалімдері және колледж оқытушылары қатысты.
Семинар аясында тренингтер ұйымдастырылып, өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы, бөлім меңгерушісі Ғ.М.Ахметкалиева «Мектеп – сүйіспеншілік мекені» пилоттық жобасының бағдарламасын жүзеге асыру туралы есеп берді.
Сондай-ақ өзін-өзі тану пәнінің оқытушылары Н.Ж.Омарова мен Н.М.Полякова «Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім» тақырыбында ашық сабақ, өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Н.Ж.Омарова «Тұлғаның адамгершілік негіздері», қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Ғ.Т.Оқасова «Т.Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізді. А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Семинарға қатысушы қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, пилоттық жоба бойынша өзін-өзі тану пәнінің құжаттарын зерделеді.