4 апреля 2023 05:04
Количество просмотров: 1286
Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Осы орайда, бүгін акция аясында колледж студенттері Өскемен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, ардақты ардагерлерімізге өздерінің қойылымдарын қойып, ән шашуларын арнады.
Сонымен қатар, біздің студенттер орталықтың аумағын қардан, қоқыстан тазартты. Дәстүрге айналған ынтымақтастық жастар үшін үлкен тәрбиелік маңызға ие.
Қилы тағдырлар көшін басынап өткеріп, тұла бойы шежіре мен тарихқа тұнған дана қарттарымыздың қатары азаймасын!