4 апреля 2023 05:04
Количество просмотров: 1316
04.04.2023 жылы «100 игі іс» аясында «ТеатраАЛЛ» театр өнер мектебі «Жетімдер» спектаклінен түскен қаражатты көпбалалы отбасыларға қолдауға жұмсау арқылы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Театр өнер мектебінің құрамында біздің колледж студенттері Ержанов Серікжан (21-ББ-2 тобы), Төлеубекова Айдана (20-ШТ-2 тобы), Тұрарбек Үкіләй (21-ББ-2 тобы), Керімкұл Алуа (20-ББТ-1 тобы), Рахым Әсем (20-ББ-1 тобы) көпбалалы отбасыларға тұрмысқа қажетті азық-түлік таратты.
Шараның мақсаты жомарт жандарды игі, сауапты іс-шараларға белсенді үлес қосуға үндеу. Осылайша, колледж студенттері «100 игі іске» өз үлестерін қосуда.