31 октября 2025 10:10
Количество просмотров: 139
2025 жылдың 31 қазаны күні колледж студенттері қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз қала» акциясы аясында өткізілген рейдке белсене атсалысты.
Іс-шараға «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 4-курс студенті Дәутқали Әлихан, «Информатика мұғалімі» біліктілігінің 4-курс студенттері Дюмшебаев Ернар, Амангелдинов Нұржан қатысып, өз белсенділіктерімен көзге түсті.
Акция «Жастар рухы» жастар қанатының филиалымен және Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, қалалық ортадағы тәртіп пен жауапкершілік сезімін арттыру болды.
Рейд барысында студенттер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратты.
«Қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі» деген ұстаныммен өткен бұл іс-шара қоғамның қауіпсіздік мәдениетін нығайту жолындағы маңызды қадам болды.