Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Ағаш отырғызу» акциясы

Акция «Посадка деревьев» Акция «Посадка деревьев» Акция «Посадка деревьев» Акция «Посадка деревьев» Акция «Посадка деревьев» Акция «Посадка деревьев»

1 ноября 2025 12:11

Количество просмотров: 158

2025 жылдың 1 қарашасы күні колледж студенттері табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен «Ағаш отырғызу» игі шараға белсене қатысты. Акция Ертіс өзенінің жағасында, рух пен ерліктің нышаны саналатын «Желтоқсан алауы» мүсіндік композициясы маңында өтті.

Іс-шараны «Шығыс Қазақстан облысы Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Бұл бастама жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатқа жанашырлық сезімін оятуды мақсат етті.

Қатысушылар өз қолдарымен көшеттер отырғызып, өңірдің экологиялық келбетін көркейтуге өз үлестерін қосты.
Шара соңында студенттер мен ұйымдастырушылар ортақ фотосуретке түсіп, «табиғатты аялау – азаматтық парыз» деген ойды тағы бір мәрте ұран етіп ұстанды.