9 апреля 2026 11:04
Количество просмотров: 27
2026 жылдың 9 сәуірі күні оқу орнымыздың білім алушылары республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза жүрек» атты қайырымдылық шараға қатысып, «Луч надежды» мүгедектер және қарттар үйінің аумағын тазалау жұмыстарына атсалысты.
Акция барысында студенттер аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қарттар үйінің тұрғындарына құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін білдіріп, қамқорлық танытты.
Бұл шара жастардың мейірімділік, жанашырлық қасиеттерін дамытып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
Осындай игі бастамалар арқылы студенттер тек қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, қоғамға пайдалы істерге белсене араласудың маңызын түсінді.