9 апреля 2026 02:04
Количество просмотров: 32
2026 жылдың 9 сәуірінде «Тілдер және әдебиет» апталығы аясында ағылшын тілі пәні оқытушысы Н.Е. Кусманова 4 курс білім алушыларымен бірлесе алғаш рет TED форматындағы
«EKHC Talks» мотивациялық шарасын ұймдастырды.
«Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің (25-ШТ-1 тобы) 1-курс білім алушылары ағылшын тілінде тың идеялар, практикалық кеңестер мен мазмұнды баяндамаларды тыңдады.
Бұл жай ғана баяндама емес — заманауи білім, жастар өмірі және қоғамдағы маңызды мәселелер төңірегіндегі ашық ой алаңы болды.
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз. Әрбір айтылған ой ертеңгі үлкен өзгерістердің бастауы болсын!