19 апреля 2023 04:04
Количество просмотров: 1329
2023 жылдын 19 сәуірінде «Білім» бейіні бойынша Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі оқу-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қосымша білім беру» мамандығы бойынша «Қосымша білім берудегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық вебинар өтті.
Вебинардың мақсаты - «Қосымша білім берудегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың өзекті мәселелері» бойынша педагогикалық тәжірибе алмасу.
Вебинарға ШҚО білім басқармасының кәсіптік білім беру орталығы директорының орынбасары Утепова Замзагуль Шаймухамедовна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК әдіскері Калиахметова Инкар Ерғазықызы, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары КММ Имангалиева Анар Болатханқызы және Маңғыстау облысынан «Қайнар колледжі» мекемесі, «Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі», Абай облысынан «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Шығыс Қазақстан облысынан «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» оқытушылары іс – тәжірибелерімен бөлісті. Республикалық вебинар барысында туындаған сұрақтар талқыланып, тиімді жолдарды айқындалып ұсынылды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.