20 апреля 2023 04:04
Количество просмотров: 1338
2023 жылдың 20 сәуірі күні колледждің 100 жылдық мерейтойы аясында «Ғылым шеруі» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті.
Салтанатты жабылуда он күн көлемінде өткізілген іс-шаралар қорытындысы жасалып, жеңімпаздар және белсенді қатысқан студенттер марапатталды.
Оқытушы рейтингін анықтау мақсатында колледж білім алушылары арасында Google Forms көмегімен «Оқытушы студент көзімен» сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 958 білім алушы қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша 14 оқытушы (Ж.Н.Акимбаева, Г.Т.Бакетаева, С.Б.Буконьева, Р.Т.Вольф, В.Ф.Гадылгареев, Ж.О.Даутова, Е.Д.Еркинбекулы, А.А.Касенова, Г.К.Кудайбергенова, Н.Е.Кусманова, Г.Г.Конарбаева, Л.В.Мельникова, Н.М.Полякова, Г.М.Солтангалиева) номинациялармен марапатталып, «Үздік оқытушы – 2023» жүлдесін Даутова Мадина Токтаровна иеленді.
Топ жарып шыққан оқытушыларымызды марапаттарымен құттықтаймыз.