Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Абайдан Абайға» автокеруені

Автокараван «Абайдан Абайға» Автокараван «Абайдан Абайға» Автокараван «Абайдан Абайға» Автокараван «Абайдан Абайға» Автокараван «Абайдан Абайға» Автокараван «Абайдан Абайға»

28 сентября 2024 03:09

Количество просмотров: 1590


2024 жылдың 28 қыркүйегі күні ұлы жазушы М.Әуезовтің туған күніне орай және «Абайды ұлықтау, Абайды ұмытпау» мақсатында оқу орнымыздың әкімшілік-оқытушылық құрамы мен 3-4 курс білім алушылары дәстүрге айналған «Абайдан Абайға» автокеруенімен ұлылар мекені Абай облысы, Абай ауданына барып қайтты.

Сондай-ақ автокеруенге әлеуметтік серіктесіміз Ұлан ауданы, Алмасай ауылындағы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ үздік оқушысы мен мұғалімі бірге қатысты.

Саяхаттаушылар Күшікбай батыр асуы, Еңлік-Кебек ескерткіші, Әуезовтің Бөрілідегі мұражай үйі, Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай үйі т.б тарихи-мәдени ескерткіштер кешенімен танысып, ұлы ақынның өмір сүрген, оқыған киелі мекені, Еуразияның кіндігі Жидебайды тамашалады.

Бөрілі мекенінде ұлы ақынды әлемге танытқан ұлы жазушының балалық шағы өткен мұражай үйін аралап, оның қызметкерінің таныстырылымын тамашалады, ұлы жазушының соңғы аудиожазбасын тыңдады.

Студенттер ұлы ақынның мұражайы алдында театрландырылған қойылымды тамашалап, ұлылардың кесенелерін аралап, Абай мұражайындағы деректермен танысты.

Колледж студенттері ашық алаң астында Абайдың әнін шырқап, өлеңдерін оқыды.

Абайдан Абайға автокеруенінің жолаушылары, колледж оқытушылары мен студенттері үшін бұл саяхат тарихи, рухани жағынан мол әсер қалдырды.