23 апреля 2026 05:04
Количество просмотров: 5
Қазақстан халқының дәстүрлеріне құрмет пен патриотизмді тәрбиелеу мақсатында, «Адал азамат» бағдарламасы аясында 2026 жылғы 23 сәуір күні Өскемен жоғары политехникалық колледжінде «Аз-Наурыз» атты облыстық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, түрлі жарыстар, концерттік бағдарлама және көпшілікке арналған дастархан ұйымдастырылды.
Біздің колледж студенті Данил Головин қошқар көтеру сайысынан І орын иеленді.
Наурыз мейрамына тән өзара көмек пен бірлік дәстүрін жалғастыра отырып, колледжіміздің студент қыздары да мерекелік шараға өз үлестерін қосты. Олардың жарқын хореографиялық қойылымдары мерекелік бағдарламаның шырайын кіргізіп, ұлттық мәдениетіміздің байлығы мен сұлулығын айшықтай түсті.