23 апреля 2026 03:04
Количество просмотров: 17
2026 жылдың 23 сәуірі күні «Педагогика және психология» пән бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес оқу орнымызда колледж фельдшері Омарова М.Ж. ұйымдастыруымен оқытушылар мен қызметкерлерге арналған тәжірибелік семинар өтті.
Семинар барысында қатысушылар жүрек-өкпе реанимациясын жасау, естен тану және паникалық шабуыл кезінде алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгерді.
Қатысушылар семинардың өте пайдалы, мазмұнды әрі тәжірибелік тұрғыдан маңызды болғанын атап өтті. Алған білімдері мен дағдылары төтенше жағдайларда сабыр сақтап, дұрыс әрекет етуге мүмкіндік береді.