5 июня 2026 03:06
Количество просмотров: 25
5 маусым күні колледж студенттері қаланы қоқыстан тазартуға бағытталған халықаралық «Бірлік жағалауы» акциясына қатысты.
Акция барысында студенттер қала аумағындағы қоғамдық орындар мен жағалау аймақтарын қоқыстан тазалап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар жастарды еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа және туған жердің тазалығына жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.
Акция соңында қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті.