5 сентября 2023 06:09
Количество просмотров: 1165
2023 жылдың 5 қыркүйегі күні Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада Өскемен қаласының пікірсайыс клубтары арасында «Көптілділік жастардың табыс кеңістігі ретінде» атты жарыс-ойыны ұйымдастырылды. Тілдер күніне арналған ойын Карл-Поппер форматында үш тілде өтті. Әр ойыншы шешендік өнерді тілдік шеберлікпен көрсете отырып, қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін қозғады.
Колледж командасы құрамында 21-ШТ-1 тобының студенті Қыдырмоллаева Амина, Жұмабай Маржан, Ұланқадырова Аружан жүлделі І орынға ие болды. Үш тілді меңгерген ең мықты пікірсайысшыларымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!