5 сентября 2023 10:09
Количество просмотров: 1287
«100 игі іс» акциясы аясында колледж студенттері еріктілер қызметіне белсенді қатысады. Белсенділер қалалық және облыстық іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.
2023 жылғы 3 қыркүйекте Өскемен қаласының әкімдігімен «ALTAY Half MARATHON» бойынша халықаралық жарыстар өткізілді. Іс-шараны ұйымдастыруға 4 курс студенттері Тоқтажанова Жасмин мен Кимадиева Дана қатысты.
2023 жылдың 5 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы» байқауы өткізілді, онда үшінші курс студенттері Ержанов Серікжан мен Өмірбекова Айым ұйымдастырушыларға белсенді көмек көрсетті.