2 марта 2026 08:03
Количество просмотров: 38
Онкүндік барысында психологиялық бағытқа да ерекше көңіл бөлінді. 2026 жылдың 26 ақпан мен 2 наурыз аралығында колледж психологтері студенттер арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алуға бағытталған «Жоқ деп айта біл!» атты тренингтер өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру және есірткіге байланысты қауіптердің алдын алу. Сабақ барысында студенттер түрлі жаттығуларға қатысып, пікір алмасып, топтық тапсырмалар орындады. Мұндай әдістер адамдардың зиянды әдеттердің ықпалына не себепті түсіп қалатынын тереңірек түсінуге және қиын өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
Тренинг барысында айналадағы адамдардың қысымы мәселесіне де ерекше назар аударылды. Студенттер өз ұстанымдарын қорғауды, қауіпті ұсыныстарға «жоқ» деп айта білуді және өз бетінше шешім қабылдауды үйренді. Сондай-ақ есірткі заттарын қолданудың адамның физикалық және психологиялық денсаулығына тигізетін салдары талқыланды.