3 марта 2026 08:03
Количество просмотров: 30
Колледж студенттері арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтына тұрақты мотивация қалыптастыру және жауапкершілікті мінез-құлықты дамыту мақсатында 2026 жылдың 23 ақпаны мен 3 наурызы аралығында есірткінің алдын алу декадасы өткізілді.
Студенттердің есірткі қолданудың салдары туралы ақпараттылығын арттыру мақсатында 23 ақпанда «Болашақты айқындайтын таңдау» атты ақпараттық күн ұйымдастырылып, оның аясында «Есірткі туралы не білесің?» атты викторина өткізілді.
Декада барысында топ жетекшілері кураторлық сағаттар өткізіп, ақпараттық буклеттер таратты. Сонымен қатар «Ішкі қуаттың толықтығы» тақырыбында үздік плакат пен комикс байқауы ұйымдастырылды.
Плакаттар байқауының нәтижесі бойынша:
Гран-при – 24-НО-1 тобы
І орын – 24-ББ-1 тобы
ІІ орын – 23-РЯ-1, 25-ББ-1 топтары
ІІІ орын – 24-ФК-1, 25-МД-1, 24-ДО-1 топтары
Комикстер байқауының нәтижесі:
І орын – 24-ФК-1 тобы
ІІ орын – 24-ДО-1 тобы