13 марта 2026 06:03
Количество просмотров: 45
Қайырымдылық күні қарсаңында 2026 жылдың 13 наурызы күні колледждің студент-еріктілері «SELAM KZ» ЖШС ұйымдастырған «Қала маршруттарында тегін жол жүру» атты қайырымдылық акциясына қатысты.
Акцияның мақсаты – қала тұрғындарына қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын насихаттау. Іс-шара барысында ерікті студенттер акцияның өтуіне атсалысып, жолаушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.