15 марта 2026 03:03
Количество просмотров: 34
Колледждің студент-еріктілері еңбек ардагерлеріне көмек көрсетуді жалғастыруда. Наурыз мейрамын мерекелеу аясындағы онкүндік барысында, 2026 жылдың 15 наурызы – Қайырымдылық күніне орай, еріктілер тағы да еңбек ардагері Л.Г. Горбушинаның үйіне барып, ауласындағы қарды тазалауға көмектесті. Бұл – студенттердің көмектесуге дайын екендіктерін көрсеткен екінші сапары.
Күректерін алып, көтеріңкі көңіл күймен келген жастар аула мен жолдарды қардан тазалап, аумақта жүруді қауіпсіз әрі қолайлы етті. Студенттер үшін мұндай кездесулердің маңызы ерекше. Себебі бұл – аға буын өкілдеріне көмек көрсетіп қана қоймай, оларға деген құрмет, қамқорлық пен ілтипатты білдірудің бір көрінісі.