19 декабря 2025 04:12
Количество просмотров: 120
2025 жылғы 19 желтоқсанда Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық «Дублёр күні» жобасы аясында оқу орнымыздың базасында Өскемен қаласы мектептері арасында волейболдан «Колледж кубогі – 2025» жарысы ұйымдастырылды.
Жарыс «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша кәсіби бағдар беру мақсатында өткізіліп, 9–11 сынып оқушыларына болашақ мамандықтың қыр-сырын таныстыруды, кәсіби білім алуға және саналы таңдау жасауға қызығушылықтарын арттыруды көздеді.
Аталған спорттық додаға Өскемен қаласындағы №15, 20, 43, 45, 47, 49 және «Меновное орта мектебі» мектептерінің құрама командалары қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, болашаққа нақты мақсат қоюына серпін берді. Жарыс соңында үздік командалар марапатталды.
Жарыс қорытындысы:
І орын - № 49 орта мектеп;
ІІ орын - № 47 орта мектеп;
ІІІ орын - № 43 орта мектеп;
Спорт пен мамандықты ұштастырған жарқын күн есте қаларлық әсер сыйлады!