Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Шеберлік сабақ

Мастер-класс Мастер-класс Мастер-класс

23 декабря 2025 03:12

Количество просмотров: 159

2025 жылдың 22–26 желтоқсан күндері оқу орнымызда «Жалпытехникалық және математика» пән бірлестігінің «Цифрлы әлемге нақты ғылыммен» тақырыбындағы апталығы өтуде.

Апталық жоспарына сәйкес 23 желтоқсанда пән бірлестік оқытушылары Г.С. Сапарғалиева мен Д.Д. Нурмуханбетованың ұйымдастыруымен «Математиканы Scaffold карталарымен оқыту: Сабақ тиімділігін арттыру» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік сабағы барысында оқытушылар Scaffold әдісінің теориялық негіздерімен таныстырып, оны математика сабақтарында қолданудың тиімді жолдарын тәжірибе жүзінде көрсетті.

Іс-шараға қатысқан әріптестер белсенділік танытып, ұсынылған әдіс-тәсілдер бойынша пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Мұндай кәсіби бағыттағы іс-шаралар оқыту сапасын арттыруға, инновациялық педагогикалық технологияларды кеңінен қолдануға және білім беру үдерісін жетілдіруге зор ықпал етеді.