13 апреля 2023 06:04
Количество просмотров: 1311
2023 жылдың 13 сәуірінде колледждің 100 жылдық мерейтойы және «100 игі іс» акциясы аясында «Ғылым шеруі» онкүндігінің жоспарына сәйкес Нұрлыкөш ауылының оқу орындарында Абай атындағы ШҚГК күні өткізілді.
ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжай» КМҚК мектепке дейінгі мекеме педагогтерімен тиімді өзара іс-әрекет жасау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Мектепке дейінгі педагогика және арнайы пәндер» ПЦК оқытушылары және колледждің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-4 курс білім алушылары колледждің Ашық есік күнін балабақша балалары үшін өткізді.
Бағдарламаға сай колледждің ашық есік күнін балабақша балалары үшін бірінші қабатта «Планетария әлеміне саяхат» шарасымен (Ахметкалиева Ғ.М., 20-МД-1 тобының студенті Бидахметова Б.), ал музыкалық залда «Ғажайып ертегі әлемі» (Г.К.Кудайбергенова, 3 курс білім алушылары) театр қойылыммен ашты.
Бағдарламаның екінші бөлімі бойынша балабақша педагогтері үшін тәжірибе тарату платформасында «Ғажайып роботтар әлемінде» іскерлік ойыны (Ахметкалиева Ғ. М., Рахимова А.С., 4 курс білім алушылары); «Лепбук-интерактивті құрал» (Тюлекпаева С.Е., Кудайбергенова Г.К.); «Дәстүрден тыс сабақтарда ұлттық өнер тағылымдарын қолдану» (Кусаинова А.М. және 3 курс білім алушылары) біздің педагогтер балабақша педагогтері үшін әдістемелік портфель ретінде инновациялық идеялармен бөлісті. шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, балабақша педагогтеріне әдістемелік қоржын ретінде жаңашыл идеяларымен бөлісті. Кері байланыс барысында педагог- тәрбишілер үлкен әсер алғандарын және жаңашыл ойлармен қаруланғандарын атап өтті.
Колледж күні аясында екі мекеменің арасында (колледж – балабақша) өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, келісімшарт жасалды.