13 апреля 2023 06:04
Количество просмотров: 1427
2023 жылдың 13 сәуірінде колледждің 100 жылдық мерейтойы және «100 игі іс» акциясы аясында «Ғылым шеруі» онкүндігінің жоспарына сәйкес Нұрлыкөш ауылындағы «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ мұғалімдерімен «Тәжірибе алмасу – шеберлікті шыңдау баспалдағы» ынтымақтастық аясындағы әдістемелік керуен өтті.
Әдістемелік керуенді колледж директоры, т.ғ.к. Ф.Курманов өз жұмыс тобымен бұрын қол қойылған өзара ынтымақтастық меморандумы аясында озық тәжірибемен танысу, цифрлық білім беру ресурстарын практикада пайдалану, мектеп педагогтерімен оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әдістемелік тәжірибе алмасу мақсатында іс-шаралар циклі өткізілді.
Бағдарлама аясында «Өз-өзіңді танысаң – істің басы» танысу тренингі (А.Е.Бекшойнова, А.Кумарова), «Білім беру үдерісінде цифрлы білім беру ресурстарын қолдау» (С. Буконева), «Педагогикалық ынтымақты және психологиялық жағымды ахуал қалиптастыру жолдары» (М.Т.Даутова, А.Ұябаева, Е.Слямханова) өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын өткізді.
Мектептің 9-11 сынып оқушыларына колледж директорының ҒӘЖ орынбасары Р.М.Жакашев «Кәсіптік бағдар» тақырыбында мамандық таңдау дәрісін оқып, колледж студенттері өз кезегінде «Абайдан Абайға» мерекелік концерт өткізді. Іс-шара соңында барлық семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Семинар соңында мектеп директоры М.Қ.Кенжин колледж ұжымына мектеп атынан алғыс айтып, алдағы уақытта да ынтымақтастық аясындағы жұмыс жалғасын табатынына сенімін білдірді.