16 марта 2026 11:03
Количество просмотров: 31
16.03.2026 күні Тіл және әдебиет бөлімі, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен Көрісу күні – Амал мерекесі, сондай-ақ Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні кеңінен атап өтілді.
Іс-шара барысында студенттер ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-бабадан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді насихаттады. Қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлерге негізделген қызықты ойындар мен викториналарға қатысып, отбасылық салт-дәстүрлер мен ғұрыптарды сахналық көріністер арқылы таныстырды.
Сонымен қатар «Салт-дәстүр – Ұлы дала қазынасы» атты зияткерлік ойын мен «Дәстүр Mania» куиз ойыны өткізіліп, студенттер өз білімдерін сынап, белсенділік танытты.
Бұл шара жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүріміздің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.