18 апреля 2025 02:04
Количество просмотров: 712
2025 жылдың 17-18 сәуір аралығында колледжде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ашық есік күндері ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 500-ге жуық қала, аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Өз өмірлерін педагогикалық мамандықтармен байланыстырғысы келетін оқушыларға, оқуға түсу ережелері, оқу шарттары, білім беру бағдарламалары туралы толыққанды ақпарат беріліп, оқу орнымыздың материалдық-техникалық базасымен таныстырылды.
Оқытушылар мен студенттер талапкерлерге оқу орнына түскеннен кейінгі өмірлері мен оқу орнының тыныс-тіршілігі туралы шеберлік сағаттар, мазмұнды презентациялар мен бейнефильмдер ұсынды.
Ашық есік күндері – колледж үшін нағыз мереке. Оқытушылар да студенттер де талапкерлерді жылы қарсы алып, оларды толғандырған барлық сұрақтарына жауап берді.