16 апреля 2025 05:04
Количество просмотров: 529
2025 жылдың 16-сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, суретші, ұлттық музыкалық аспаптардың шебері, Қазақстан суретшілер одағының және Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Жолаушы Турдығұловтың 75 жылдық мерейтойына арнап колледж білім алушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде ұлттық музыкалық аспаптар туралы әңгіме қозғалып, Жолаушы Турдықұловтың ерекше шеберлікпен жасаған туындыларымен таныстырды. Жолаушы Турдығұловтың өмір жолы мен шығармашылығы — ұлттық өнер мен шеберліктің тамыры тереңде жатқан көркем әлем. Ол – тек суретші ғана емес, қазақтың ұлттық аспаптарын жаңғыртушы, қолөнер мен музыканы тоғыстырған дарын иесі. Кездесу соңы Жолаушы Тұрдықұловтың өз қолымен жасалған домбырасымен көңілді күй шертіліп, студенттермен естелік суретке түсумен аяқтады.