5 октября 2023 03:10
Количество просмотров: 1189
Бүгін 5 қазан 2023 жылы бүкілхалықтық мереке ретінде ұстаздардың кәсіби мейрамы атап өтілуде. Біздің оқу орнымызда да төл мереке ерекше форматта ұйымдастырылды. Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы таңертеңнен оқытушыларды алмастырып, оқу сабақтарын өткізсе, күннің екінші жартысында білім алушылар мерекелік концерт ұйымдастырып, оқытушыларға көтеріңкі-көңіл күй сыйлады. Кеш барысында еңбегі сіңген ұстаздар мен қызметкерлерге марапаттар табысталып, гүл шоқтары сыйға тартылды.
Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл қоғамды қалыптастырады. Олай болса, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беріп отырған ұстаздар мерекесі құтты болсын!