19 сентября 2025 10:09
Количество просмотров: 290
2025 жылдың 19 қыркүйегі күні колледжімізде студенттер арасында Денсаулық күніне орай салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған кең көлемді іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның салтанатты ашылу бөлімі өткен оқу жылындағы колледж оқытушылары мен студенттерінің спорттағы жетістіктерін атап өтумен басталды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға алғыс білдірілді.
Шара барысында қатысушылардың сергектігін арттырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жаппай спорттық флешмоб өткізілді. Сондай-ақ, эстафеталық жарыстар мен арқан тарту сияқты ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, білім алушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Мақсаты – жастардың бойында дене белсенділігіне деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтына баулу, бірлік пен достықты нығайту.
Көңілді өткен жарыстар – денсаулыққа серпін, ұжымға ұйымшылдық пен қуат сыйлады!
Спорт – денсаулықтың кепілі екенін ұмытпайық!