14 мая 2026 03:05
Количество просмотров: 10
Оқу орнымызда Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері Амирова Шамшар Шакиовна мен Зияданова Клара Әлімғазықызының қатысуымен тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының маңызы кеңінен түсіндірілді. Жоба қоғамдағы ананың рөлін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі мәдениеттің маңызын нығайтуға бағытталған.
«Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани жауапкершілік» тақырыбындағы кездесуде бала тәрбиесі, отбасы құндылығы, ұлттық тәрбие мен рухани жауапкершілік мәселелері қозғалды. Қатысушылар ұрпақ тәрбиесі – тек отбасының ғана емес, тұтас ұлттың болашағына әсер ететін қасиетті міндет екенін ерекше атап өтті.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, саналы ұрпақ тәрбиелеу – баршамызға ортақ міндет!