13 мая 2026 02:05
Количество просмотров: 10
2026 жылдың 13 мамыр күні оқу онымыздың студенттері «Үміт сәулесі» қарттар және ерекше жандар пансионатына барып, қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Студенттер пансионат тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй, ыстық ықылас пен шынайы эмоция сыйлады.
Концерттік бағдарлама барысында соғыс жылдарының әндері, махаббат пен Отан туралы әндер орындалып, әсерлі би нөмірлері ұсынылды. Әрбір өнер көрсетілім көрермендердің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленіп, көптеген тұрғындар қуаныш пен тебіреніс сезімдерін жасырмады.
Пансионат тұрғындары үшін мұндай кездесулер ерекше маңызды болса, студенттер үшін үлкендерге құрмет көрсетуге, жауапкершілік пен әлеуметтік белсенділікті арттыруға бағытталған тағылымды іс-шара болды.